$ 494.87  520.65  4.91

«Біреулер феминизм деген желеумен митинг өткізіп, ЛГБТ-ны насихаттап жүр» - журналист

Соңғы кезде әйелдердің феминизмді ту етіп, митингіге шығуы мақсатты түрде бір орталықтан ұйымдастырылған шара сияқты көрінеді. Ең қорқыныштысы, осындай митингілерде былтыр біржыныстылардың да белгісі, туы көрініп қалып жатты.
фото: informburo.kz/Алмаз Толек
фото: informburo.kz/Алмаз Толек

Соңғы 2-3 жылда 8 наурызда қыз-келіншек, әйелдердің Алматыда митингіге шығуы қалыпты дүниеге айналып келеді.  Енді 8 сәуірде Астана қаласында әйелдер тағы да митингіге шықпақшы. 

Митингіге шығып, өз талабыңды білдірген дұрыс. Заң бар, соны қолданған дұрыс, өз құқығы. 

Бірақ соңғы кезде әйелдердің феминизмді ту етіп, митингіге шығуы мақсатты түрде бір орталықтан ұйымдастырылған шара сияқты көрінеді. Феминизм о баста әйелдердің тең құқығы үшін күрес ретінде басталған еді. Бірақ Қазақстанда ол агрессивті күрес, қызға қатысты дәстүрлі ұлттық ұғымды жою бағытында дамып бара жатқандай. 

Иә, қазір «либерал қыздар» топ-тобымен келіп, лап қоятынын білемін. Бірақ өз ойымды айту – ол менің құқығым. 

Әлгі ойым неден шықты?

Плакаттарында «қызға 40 үйден бостандық», «маған жабық киюді үйретпе» дегендей ашулы мәлімдемелер жазылды. Ата-бабамыз қыз денесін жапса, 40 жамандықтан тыйылса, қызым жақсы болсын дегені ғой. Қазіргі әкелер де сөйтетіні анық. Енді оның несімен күресесің? Содан кейін «ұят» деген ұғыммен неге күреседі? Ол біздің ұлттық-моральдық кодексімізді бір сөзге сыйдырған ұғым ғой. 

Содан кейін байқағаным транспоранттарда ағылшын тілінде жазулар көбейіп келеді. Тең жарты ұрансөз ағылшын тілінде. Бұл әлемдік медианың назарын аудару үшін жасалған қадам, технология екенін түсіну қиын емес. Әйтпесе, өз халқымыз қазақ, орыс тілінде сөйлесетінін бәрі біледі. Яғни, барынша шу көтергісі келеді.

Содан кейінгі мәселе - әйелдердің тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегуі. Өте күрделі мәселе. Өз басым қатаң жаза керек деп ойлаймын. Бірақ кейбір феминқыздар осы саладағы статистиканы құбылтады. Жыл сайын 400 әйел көз жұмады деп жар салады. Шындығында, МВД мәліметі бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтан былтыр 64 әйел көз жұмса, 79 ер азамат қайтыс болған. Әрине, қорқынышты статистика. Бірақ 400 әйел емес екен. 

Ең қорқыныштысы, осындай митингілерде былтыр біржыныстылардың да белгісі, туы көрініп қалып жатты. 8 сәуірде көреміз. Сөз бостандығын, еркіндікті қос қолдап қолдайтын адаммын. Бірақ феминизмді желеулетіп, ЛГБТ-ны насихаттаудың қажеті жоқ. 

Жалпы, феминизм, басқа измді емес, адамның, азаматтың барлық құқығының тең сақталуын насихаттап, талап ету керек қой. Сонда осы мәселлердің көбі шешіледі. Агрессиясыз, күрессіз, басқасыз.

Журналист Оңғар Қабденнің facebook парақшасынан   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары