17.03.2023, 16:40

Түркі мемлекеттері ұйымы жаңа мүшемен толығады

Фото: twesco.org
2000 жылдан бері түрік инвесторлары Түркіменстанда 110 миллиард доллардың жобалары мен жұмыстарын жүзеге асырған.

Түркіменстан халық маслихатының төрағасы Гүрбангулы Бердімұхамедов кеше Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінде өз елінің осы ұйымға мүше болатынын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның мәлімдемесін Түркіменстан мемлекеттік агенттігі таратты.

"Енді Түркіменстан ТМҰ-ға бақылаушы емес, оның мүшесі ретінде қатысады", - деді Бердімұхамедов. 

Сондай-ақ, ол Түркия президентін Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынуды қолдаған.

Бердімұхамедов Ердоғанмен 22 жылдан бері араласатынын айтып, оны әлемдік деңгейдегі саясаткер, өз елінің ғана емес, бүкіл мұсылман қауымының мүддесін қорғайтын ірі тұлға деп сипаттады.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, 2000 жылдан бері түрік инвесторлары Түркіменстанда 110 миллиард доллардың жобалары мен жұмыстарын жүзеге асырған.