19.03.2023, 09:30

Президент дауыс берді

Фото: Ақорда
Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Сайлауға 7 саяси партия қатысып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс және мәслихат сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақорда мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді.

Еске салайық, Қазақстанда Мәжіліс және мәслихат сайлауы басталды. Сайлауға 7 саяси партия қатысып жатыр. Бұл ретте Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша 609 кандидат ұсынылды, оның 525-і өзін-өзі ұсынушылар. Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда 12 миллион 32 мың 550 адам дауыс бере алады.