19.03.2023, 11:30

Сайлаудан кейін үкімет тарайды

Фото: stan.kz
Жаңа премьер-министр кім болатынын Президент пен Мәжіліс шешеді.

Қазақстан үкіметі сайлаудан соң отставкаға кетеді. Бұл жөнінде премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Біз отставкаға кетеміз. Жаңа үкімет жасақталғанша міндетімізді атқара береміз. Жаңа премьер-министр кім болатынын Президент пен Мәжіліс шешеді", – деді Әлихан Смайылов

Қазіргі премьер-министр министрлер кабинеті мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге әрқашан дайын екенін атап өтті.