$ 444.22  476.38  4.82

Қазақтармен қазақша сөйлесуді үйренген Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметінен кететін болды

Әлем елдеріндегі АҚШ елшілерінің барлығы 20 қаңтар күні өз қызметтерінен босатылады. Олардың қатарында Қазақстандағы дипломатиялық миссияның жетекшісі Джордж А. Крол да бар. Мұндай жарлықты АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың командасы жария етті деп жазады The New York Times елшілік дереккөздерге сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, бүкіл әлемдегі америкалық елшілердің барлығы Дональд Трамптың инаугурациясы күні өз қызметтерін босатуы тиіс. Ал, дипломаттардың көбі бұл шешімді тым асығыс қабылданған деп отыр. Сондықтан, мерзімді сәл ұзартуды сұрауда. Өйткені, көшу мен балаларын мектепке орналастырудың өзі біршама уақытты алады дейді олар.

Айта кетейік, Джордж Крол Қазақстанда 2015 жылдың 8 қаңтарынан бері елші болып қызмет атқарып келеді. Бұған дейін ол 3,5 жылдай Өзбекстандағы дипмиссияны басқарған.

Джордж Крол қазақстандықтардың есінде қазақша сөйлеуімен есте қалатыны сөзсіз. Қысқа мерзім ішінде америкалық елші тіл үйреніп, әр мереке сайын ел тұрғындарын қазақ тілінде құттықтап отыратын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары