$ 494.87  520.65  4.91

Премьер-министрдің кандидатурасын қай партия ұсынатыны белгілі болды

Осы ретте саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясында мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Президент ел үкіметі басшысының кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынады – жауапкепшілік те сол партияда.

«Мен премьер-министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия мемлекет басшысына ұсынуға құқылы деп айттым. Осы ретте саяси жауапкершілік те сол партияға жүктеледі», - деді мемлекет басшысы.

Айта кетсек, 19 наурызда өткен сайлау  қорытындысына сәйкес, AMANAT сайлаушылардың 53,9% дауысын жинап, 40 депутаттық мандатқа ие болды.

Еске салайық, бұдан бұрын Ulysmedia.kz дереккөзі Әлихан Смайылов өз орнында қалатынын хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары