29.03.2023, 14:20

Асхат Аймағамбетов Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды

Фото: aimagambetov инстаграм парақшасынан
Депуттар бұл кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Асхат Аймағамбетов ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің тарапымыздан Әлеуметтік-мәдени даму комитетіне Асхат Қанатұлы Аймағабетовтің кандидатурасы ұсынылады», - деді депутат Елнұр Бейсембаев.

Депуттар бұл кандидатураны бірауыздан мақұлдады.