Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметінде қалды, - деп хабарлайды Ақорда.
"Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын", - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.
Сонымен қатар, Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымын, Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі қызметін сақтап қалды.
Ал, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қаржы министрі лауазымына тағайындалды. Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.