05.04.2023, 15:00

Қазақстанда Путин қамауға алына ма? Сыртқы істер министрлігінің өкілі жауап берді

Фото: Kirill Kudryavtsev
Халықаралық қылмыстық соттың Путинді қамауға алуға ордер бергені 17 наурызда белгілі болды.

Халықаралық қылмыстық сот Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді тұтқындауға ордер берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сыртқы істер министрлігінің жауабына сәйкес, Владимир Путин Қазақстанға келесі сапары кезінде қамауға алынбайды.

"Біз Рим статутына қол қойған жоқпыз және ратификациялаған жоқпыз. Жарғы Қазақстанға қатысты емес және ол бойынша міндетіміз жоқ", - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Халықаралық қылмыстық соттың Путинді қамауға алуға ордер бергені 17 наурызда белгілі болды.