Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағлан Асаубайұлы Майлыбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланған.
Сондай-ақ, Президенттің Жарлығымен Марат Тәжин ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
"Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын", - делінген Мемлекет басшысының Жарлығында.