$ 486.44  534.31  5.06

Заңгер Айгүл Орынбек депутат Қарақат Әбденге шүйлікті

Елімізде бір жылдың ішінде 400-ге жуық әйел көз жұматынын, Қарақат ханым біле ме? Әлде Парламент төрі, ойына келгенін айтып кететін жер деп отыр ма?
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Заңгер Қарақат Әбденге тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорлық көріп жүрген қарапайым жұртты көзбен көруге кеңес берді. Депутат Қарақат Әбден парламент мінберінде «Шетелдікке тұрмысқа шығатындардан салық өндіруді» ұсынған еді.

ҚР президенттігінен үміткер болған депутаттың көтерген мәселесі бірден қоғамның сынына қалды. Тіпті көпшілік депутат ханымның «өз халқын не мазалайтынын білмейді-ау» деген сұраққа қалды.

«Шетелге тұрмысқа шығатындарға емес, әйелдерді өлтіріп, ұратындарға заң шығарып қатырып алыңдаршы! Қоғамдағы әйелдердің мәселесінен бейхабар адамның пікірі осындай болады. Қалайша бұндай кісі Президенттіке үміткер болды екен?

Ауыл-аймаққа келіп, тұрмыстық зорлық көріп жүрген әйелдердің әңгімесін тыңдап көрсе бұлай демес еді.

Елімізде бір жылдың ішінде 400-ге жуық әйел көз жұматынын, Қарақат ханым біле ме? Әлде Парламент төрі, ойына келгенін айтып кететін жер деп отыр ма? Депутаттардың бәріне ескерту!

Халықтың пайдасына, еліміздің болашағына тиісті керек заңдарды қабылдай алмайтын болсаңдар, әр бәлені сандырақтамай мандаттарыңды тапсырыңдар! Тағы бес жыл сендердің цирк қойылымдарыңды көріп отыруға уақыт жоқ!»,- деді заңгер Айгүл Орынбек.

aikyn.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары