$ 449.58  486.94  4.86

АЧ-2023: Диас Қален грек-рим күресінен күміс медаль иеленді

"Алтынға" таласта Диас қырғызстандық балуан Ақылбек Талантбековке жол берді.
Фото: Instagram/kazakhstan__wrestling
Фото: Instagram/kazakhstan__wrestling

Қазақстан балуаны Диас Кален грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды. Отандасымыз 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алтынға" таласта Диас қырғызстандық балуан Ақылбек Талантбековке жол берді. Осылайша 2:3 есебімен ұтылған ол Азия чемпионатының күміс медалін қанағат етті. 

Бұдан кейін боз кілемге тағы бір жерлесіміз Олжас Сырлыбай (97 кг)  "қола" үшін таласта үндістандық балуан Нариндер Чеманы 4-1 есебімен ұтып кетті.

2023 жылғы Азия Чемпионатының екі күнгі қорытындысы бойынша грек-рим стилінде күрескен қазақстандық балуандар 8 медаль жеңіп алды. Ибрагим Магомадовтың активінде "алтын", Диас Қален мен Нұрсұлтан Тұрсыновтың есебінде "күміс" және Алматы Кебісбаев, Олжас Сырлыбай, Аманғали Бекболатов, Мұхамедали Мамырбек және Әлімхан Сыздықовтар да бір-бір қола медаль еншіледі.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары