19.04.2023, 10:46

«Әкімдер өз қаласын жаяу аралауы керек» - Тоқаев

Фото: Ақорда
Президент қалалардың сиқын сынады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі кеңесте әкімдер өз қаласын жаяу аралау керектігін айтты, деп хабарлайды ulysmedia телеграм арнасы.

Президент қалалардың сиқын сынады. Оның айтуынша, бұл мәселеге билік өкілдерімен бірге халық та назар аударуы керек. Мысал ретінде президент Балқан елдерінің қалаларын атады.

"Бізден гөрі аз ақша бөлінсе де олардың қалалары жайлы", - дейді ол.

Ал елдегі мысал ретінде ол Семейдегі ойын алаңдарының бірін атап өтті. "Ол жерде ойын алаңын пайдаланудың өзі қауіпті" дейді ол.