Акбаржон Исмаилов пен Аурика Дяк ҚХА төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды деп хабарлады Ақорда.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Акбаржон Яхияхожаевич Исмаилов және Аурика Георгиевна Дяк Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды», – делінген құжатта.
Айта кетейік, Тауфик Акрамович Каримов және Наталья Григорьевна Дементьева Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.