26.04.2023, 10:20

АҚШ Қазақстанға Ресейге көмектескен жағдайда санкцияға ілігетінін ескертті

фото: Зеркало
Розенбергтің сөзінше, Ресейдің экспорттық бақылаудың шектеулерінен жалтаруына көмектесудің салдары еліміз үшін ауыр болуы мүмкін.

АҚШ Қаржы министрлігі басшысының көмекшісі Элизабет Розенберг Қазақстанға Ресейге көмегі үшін санкцияға ілігетінін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ол АҚШ өкілдері "осы тәуекелдерді нақты көрсету" үшін Қазақстаннан келген әріптестерімен үнемі байланыста болатынын айтты.

Розенбергтің сөзінше, Ресейдің экспорттық бақылаудың шектеулерінен жалтаруына көмектесудің салдары еліміз үшін ауыр болуы мүмкін.

АҚШ Қаржы министрінің көмекшісі сонымен қатар Ресей Федерациясының "сәтті болған" санкциялардан жалтару әрекеттеріне байыпты қарау керек деп қосты.

Еске салайық, бұдан бұрын Еуроодақтың санкциялар жөніндегі халықаралық арнайы өкілі Дэвид О'Салливан елімізде Путин қамауға алынбаса, ЕО Қазақстанға санкция салмайтынын мәлім еткен.