27.04.2023, 12:32

Тоқаев ұлтқұру процесінің жай-күйіне талдау жасауды тапсырды

фото: aqorda_resmi
Бейінді министрліктерден, Мемлекеттік басқару академиясынан ғылыми-талдама жұмысының сапасын арттыру және практикалық қайтарымы бойынша нақты ұсыныстар күтемін.

Үкімет жыл соңына дейін ұлтқұру процесінің жай-күйіне талдау жасау қажет. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін кешенді талдау қажет. Үкімет жыл соңына дейін тиісті өзекті ұсынымдармен ұлт құру процесінің ағымдағы жай-күйін талдай отырып, сараптамалық баяндама дайындауы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің пайымынша, осы мәселе бойынша ғылыми зерттеулерге ерекше назар аудару қажет.

«Мемлекеттік органдардың ғылыми ұсыныстарға немқұрайлы қарауы, көбіне кері байланыссыз қалады. Бұл, жалпы, байыпты әңгіме үшін үлкен тақырып. Бейінді министрліктерден, Мемлекеттік басқару академиясынан ғылыми-талдама жұмысының сапасын арттыру және практикалық қайтарымы бойынша нақты ұсыныстар күтемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.