$ 444.14  477.05  4.85

Эмомали Рахмон: «Қазақстанмен достық қарым-қатынасымызды бағалаймын»

Келіссөз барысында қазақ-тәжік ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Фото: t.me/aqorda_resmi
Фото: t.me/aqorda_resmi

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Астанаға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және қазақ халқының дәстүрлі қонақжайлығы үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ, ол шағын құрамдағы келіссөздің нәтижелі болғанын және бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорда.

«Тәжікстан мен Қазақстан – стратегиялық әріптестер, біздің қарым-қатынастарымыз тұрақты түрде дамып келеді. Біз оны одан әрі нығайтуға зор мән береміз. Қазақстан бүгінде басты сауда серіктестеріміздің арасында екінші орында. Былтырғы тауар айналымының өсімі 20 пайыздан асты. Біз басқа салаларда да қарқынды диалог жүргіземіз. Сізбен елдеріміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік мәселелерді талқылауға дайынмын. Сізді және барша Қазақстан халқын Парламент сайлауының сәтті өтуімен құттықтаймын. Сізге алдағы уақытта бауырлас Қазақстанның дамуына бағытталған реформаларды жүзеге асыруда табыс тілеймін. Біз тұрақты байланыстар мен жоғары деңгейдегі ұзақмерзімді саяси диалогтің игі дәстүрлерін сақтап, одан әрі кеңейтеміз. Мен достық қарым-қатынасымызды бағалаймын», - деді Тәжікстан Президенті.

Келіссөз барысында қазақ-тәжік ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, сауда-экономикалық, соның ішінде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары