05.05.2023, 16:00

«Қамсыз отыруға болмайды, барлық жағдайға дайын болуымыз керек» – Тоқаев

Фото: Ақорда
Мемлекетбасшысы еліміздің қорғаныс және қауіпсіздік саласын күшейту – басты міндеттің бірі екенін атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсімінде еліміздің қорғаныс және қауіпсіздік саласын күшейту – басты міндеттің бірі екенін атап өтті, деп хабарлады Ақорда.

"Отанымыздың іргесі берік болуын қамтамасыз ету – әр азаматтың перзенттік парызы. Сондай-ақ өмір жолын әскери қызметке арнаған мамандардың кәсіби міндеті. Қазақстан – бейбіт мемлекет. Біз барлық елмен достық қатынас орнаттық. Мемлекеттер арасындағы кез келген мәселені бейбіт жолмен шешу керек деп санаймыз. Дегенмен қамсыз отыруға болмайды. Барлық жағдайға сақадай сай болуымыз айрықша маңызды. Еліміздің қорғаныс және қауіпсіздік саласын күшейту – басты міндеттің бірі", – деді мемлекет басшысы.