$ 524.65  552.19  5.14

«Сюцай ілімі – қазаққа қарсы жоба, оның артында ФСБ тұр» - Ахметбек Нұрсила

Сюцай секта ғана емес, қазаққа қарсы жасалған үлкен жоба.
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Ахметбек Нұрсила сюцай ілімін жоққа шығарып, оның басында тұрған адамдарды тексеру керек екенін айтып дабыл қағуда. Ол бұл ойымен "Айтамыз" бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы

"Сюцай секта ғана емес, қазаққа қарсы жасалған үлкен жоба. Бұның артында ФСБ тұр. Оны мен анық білемін. Өйткені Жанаттың ютубтағы хабарларын көрген кезде осыдан 7-8 жыл бұрын ол толық, түрі арақ ішетін адамға ұқсайтын болған. Арақ ішіп, Ресей, Латвия мемлекеттерінде үлкен оргиялар жасағаны жайлы маған Ресейдегі азаматтар хабарласып айтты.  Маған жекеме сондай шағымдар түсті", -дейді ол. 

Оның сөзінше Жанат Қожамжаровқа шетелдік азаматтар  көмектескен көрінеді. 

"Кейінгі кезде Жанаттың атағы танылып, түрі өзгеріп, әлеуметтік желідегі хабарлары керемет  дами бастады. Қарасам қасында Ресейдің оқыған, жоғары дәрежелі азаматтарын көрдім", - деді. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары