22.05.2023, 20:30

Сингапур Президенті: Қазақстанмен арадағы әріптестік нығайып келеді

Фото: ҚазАқпарат
Сондай-ақ, екі ел арасындағы инвестициялық келісімге қол қойылды.

Сингпаур Президенті Халима Якоб Қазақстан-Сингапур бизнес-форумында Қазақстан Презизенті Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекеттік сапармен шақырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екеуіміз бірнеше мемлекетаралық келісім мен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдық. Сондай-ақ, екі ел арасындағы инвестициялық келісімге қол қойылды. Бұл келісім Қазақстан, Сингапур, Еуразиялық экономикалық одақ арасында инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытындағы әріптестіктің негізгі кілті болмақ», - деді Сингапур Президенті.

Сондай-ақ, бұл мемлекеттік сапардың екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығына дөп келгенін атап өтті.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында арадағы қарым-қатынас нығая түседі деп үміттенемін. Сингапур Тоқаев мырзаның мемлекеттік сапармен келуін тағатсыздана күтеді. Бүгінгі форум өте көп іскер басшылардың басын қосқанына, олардың ішінде сингапурлық компаниялардың 20 өкілі бар екеніне қуаныштымын. Олар Қазақстандағы мүмкіндіктерді зерделеп, екі елдің де экономикасын әртараптандыруға мүдделі», - деді ол форумның ашылуында сөйлеген сөзінде.