$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Саясат 01.06.2023 сағат 23:30

Маңғыстауда бір адам теңізге батып кетті

ТЖД-ден 3 қызметкер, бір техника және бір жүзу құралы жұмылдырылды.
Маңғыстауда бір адам теңізге батып кетті
Фото: pixabay.com

Бүгін сағат 17:59-да Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылының теңіз жағалауында жасөспірім суға кеткені белгілі болды.

"Жағажайдың 15-16 шақырымында 2007 жылы туған азаматтың жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Құтқару бөлімшесі 19 сағат 05 минутта оқиға орнына жеткенге дейін туыстары суға батқан бозбаланың денесін теңізден алып шықты", - делінген хабарламада. 

ТЖД-ден 3 қызметкер, бір техника және бір жүзу құралы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар