Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлады Ақорда.
Сапар барысында Президент орман алқаптарындағы өрт сөндіру жұмыстарымен танысады, шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізеді және өрт кезінде қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің туыстарымен кездеседі.