$ 441.58  480  4.86

Бүгін Түркістанда ұлттық құрылтайдың негізгі отырысы өтеді

Құрылтайдың әр аймақта өтуі сол өңірдің дамуына серпін береді.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Бүгін Түркістанда ұлттық құрылтайдың негізгі отырысы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Еске салайық, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен болатын. Алқалы жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынған еді.

«Құрылтайдың әр аймақта өтуі сол өңірдің дамуына серпін береді. Оның мүшелері әр жолы бір өңірдің тыныс-тіршілігімен танысады», – деді Қ.Тоқаев.

Ал, қазір Ұлттық құрылтайдың басталуына санаулы ғана сағаттар қалды. Жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп жоспарланған.

Құрылтай өтетін алаң қазақтың 12 қанатты киіз үйі тәрізді безендірілген. Әр аймақтан жиналған түрлі сала өкілдері кеше Түркістанға келіп, алғашқы секциялық жұмыстарға қатысты.

Құрылтай барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдерін қамтиды. Мұнда азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесі, жаңаша ойлайтын жастардың тың идеялары ортаға салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары