$ 494.87  520.65  4.91

«Арман Шораев миллион теңгелік уәдесін жұтып қойды» - журналист

Ол путиншіл әнші Лепстің Қонаев қаласында жоспарланған концертіне кедергі жасап, өткізбей тастаған адамға 1 млн теңге сыйақы беретінін айтқан.
фото: ulysmedia.kz
фото: ulysmedia.kz

Миллион теңге және 1 гектар жер кімге бұйырады?

Бизнесмен-журналист Арман Шораев сөзінен тайқып, қазақтарға берген уәдесін жұтып қойды. Ол путиншіл әнші Лепстің Қонаев қаласында жоспарланған концертіне кедергі жасап, өткізбей тастаған адамға 1 млн теңге сыйақы беретінін айтқан. Себебі, Лепс Ресейдің Украина қарсы басқыншылық соғысын қолдайды. Сондай-ақ Лепс батыс елдерінің Украинаға көмек ретінде берген Леопард танксінін жойған адамға миллион рубль сыйлық берем деп мәлімдеме жасаған. Ал Шораев Украинаны жан-тәнімен қолдайды. Сондықтан ол Лепстің Қазақстандағы концертін болдырмай тастаған адамға 1 млн теңге сыйлық беретін болған.

Көнге миллиондар тігіліп жатқанда Теріскейдегі көші-қон мәселесімен айналысып жүрген Бурахан Дақанов та қалыс қалмады. «Ал мен, Лепстің концертін бұзған адамға - Солтүстік облыстан 1 гектар жер берем әкесс» деп жазды.

Осындай мәлімдемеден кейін Фейсбукте отырған қауым елең ете қалды, іске шындап кіріскендер бар. Әсіресе тикток-тәңірші Тұрарбек Құсайынов Шораевтың ұстанымында тұрып берді. 

Құсайынов Алматы облысының және Алматы қаласының әкіміне егов арқылы арнайы хат жолдап, соғысқұмар Лепсті Қазақстанға келтірмеуді жергілікті биліктен талап етті. Сонымен қатар Тұрарбек Құсайынов әлемжелі арқылы қазақ халқына арнап пост жазды. Онда путиншіл соғысқұмар Лепстің Алматы өңіріне келтірмеуге, келе қалған жағдайда оған бойкот жариялауға шақырды. Тұрарбек Құсайыновтың мәлімдемесін Қазақстандағы бүткіл сайт көшіріп басты. Тіпті оның мәлімдемесі Ресей мен Украинаның 40-тан астап ақпарат құралында мәселе ретінде жазылды. Осы қарсылық әкімдерге әсер етсе керек, Лепстің Қонаев қаласында жоспарлаған концерті өтпей қалды... 

Арманы орындалса да бизнесмен-журналист Арман Шораев сөзінен тайқып, құбылып шыға келді. Ол «Лепстің» концертін өткіздірмей тастайтын адамға берем» деген миллион теңгесін тәңірші Тұрарбек Құсайыновқа қимай отыр. «Солтүстіктен 1 гектар жер берем» деген Бурахан Дақанов та үнсіз жатыр. Мүмкін оларға араб діни идеологиясын мансұқтайтын тәңірші Тұрарбек Құсайыновтың наным-сенмі ұнамайтын шығар. Олай болса, Лепстің концертін өткізбей тастауға аз да болса үлес қосқан басқа біреуге уәде еткен сыйлығын неге ұсынбайды олар?! Әлде жеме-жемге келгенде Шораев пен Дақановты сараңдық жеңіп кетті ме? Қалай десек те, «Айтылған сөз - атылған оқ» деген атам қазақтың сөзін ұмытқан мұндай адамдарды «бөспе» деп атаған дұрыс шығар...

Журналист Ораз Әлімбектің facebook парақшасынан     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары