$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте әкімдіктің басқарма басшысы ұсталды

Ол 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күддіке ілінді.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Шымкентте қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күддіке ілінді", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент бойынша департаментінің хабарламасында.

Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары