Мемлекет басшысы Ресейдегі әскери-саяси ахуалдың шиеленісуіне байланысты 24 маусымда күні бойы барлық мүдделі ведомство басшыларымен шұғыл байланыста болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, Президент Қауіпсіздік кеңесінің таңертең өтетін кезектен тыс отырысында өзі берген тапсырмалар бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде осы ведомстволардың есебін тыңдап, Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігі мен амандығын қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл іс-қимыл жоспарын мақұлдайды.
Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қауіпсіздік Кеңесінің кезектен тыс отырысын өткізетіні хабарланды.