$ 494.87  520.65  4.91

Көкшетауда жоғалып кеткен полиция бөлімі бастығының орынбасары өлі табылды

Бұған дейін Көкшетауда Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембин із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын.
Фото: tengrinews
Фото: tengrinews

Көкшетауда жоғалып кеткен Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембин өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, бүгін полицейлер мен басқа да арнайы қызмет өкілдері іздестіріліп жатқан полицей, Зеренді полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембиннің денесін тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, мәйіт элеватор аймағындағы Қылшақты өзенінен табылған", - делінген жазбада.

Бейнекамералар оның жүрген жерін 21 маусымға қараған түні тіркеген. Бұл аймақ 2 күн бойы қаралған, өзеннен де іздестірілгені айтылды.

Ақмола облысының Полиция департаменті мәліметінше, алғашқы тексеру кезінде зорлық-зомбылықпен өлім белгілері анықталмаған. Сараптама тағайындалғаны айтылды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембин із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын. Жоғалған ер адам туралы арыз қалалық полиция басқармасына 23 маусымда келіп түскен. Әйелінің айтуынша, 20 маусымда ер адам үйден шығып кеткен, содан бері оның қайда екені белгісіз болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#адам жоғалу