28.06.2023, 14:30

СҚО-да полиция ғимаратының аумағынан ер адамның мәйіті табылды

Фото: inform. kz
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданындағы полиция әкімшілік ғимаратының аумағынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері жоқ.

«Бейнебақылау камералары ер адамның аудандық полиция бөлімінің №2 әкімшілік ғимаратына қарай жолды кесіп өтпек болғанын анықтады. Содан кейін ол өз бетімен ғимарат аумағына барған, кейін оның денесі табылды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұл аумақ күзетілмейді және негізгі полиция ғимаратынан 100 метр қашықтықта орналасқан.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар мен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қызметтік тексеру тағайындалды.