Қаржы полициясы таратылады. Оның функциялары Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне беріледі, - деді Елбасы бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Елбасы сонымен бірге, Қаржы полициясы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің біріктірілетінін мәлімдеді.
Экономикалық және қаржылық құқықбұзушылықтар мәселелері Қаржы министрлігінің құзырына беріледі.
Ал, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін қайрат Қожамжаров басқарады.