$ 494.87  520.65  4.91

Нұрсұлтан Назарбаев өз атындағы университет, мектеп пен қордың жоғары қамқоршылық кеңесін басқара алмайды

Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған білім беру ұйымдары мен қордағы жоғары қамқоршылық кеңесінің төрағасы мәртебесі жойылады.
Фото: ulysmedia.kz
Фото: ulysmedia.kz

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Кәсіптік біліктілік туралы заң мен ілеспе құжат мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Экономикасы жақсы дамыған елдерде дәл осы Ұлттық біліктілік жүйесі (ҰБЖ) тиісті сын-тегеуріндерге ден қоюдың негізгі құралы саналады. Бізде біліктілік жүйесінің заңнамалық базасы 2010 жылдан кейін қалыптаса бастады. Алайда, жүйені қалыптастыру тетіктері толық пысықталмады. Осыған байланысты заң Ұлттық біліктілік жүйесі архитектурасын, басқару моделі және міндеттерін айқындайды», - деді сенатор Талғат Жүнісов.

Атап айтқанда, қолданыстағы және болашақта сұранысқа ие кәсіптерді ретке келтіру және оларды бірыңғай жүйеге біріздендіру ескерілген.

Кәсіптер туралы, олар бойынша тану тәсілдері туралы барлық ақпарат тиісті тізілімде жинақталады, оны жүргізу Еңбек министрлігінің құзыретінде болады.

Тізілім реттелетін және реттелмейтін кәсіптерге бөлінеді. Реттелетін кәсіптер бойынша міндетті сертификаттау талап етіледі және олар бойынша тәртіп салалық заңдармен белгіленеді.

Реттелмейтін кәсіптерге қатысты сертификаттау ерікті түрде болады.

Тізілім жыл сайын жұмыс берушілер қауымдастығы мен кәсіподақтардың ұсыныстары негізінде жаңартылады.

«Екіншіден, жұмыс берушілердің мамандардың білімі мен құзыретіне қоятын талаптары кәсіптік стандартта белгіленген. Енді салалық мемлекеттік органдар кәсіптік стандарттарды әзірлеуге және олардың өзектілігіне жауапты болады. Үшіншіден, білім беру ұйымдары жұмыс берушілердің пікірлерін есепке алу үшін кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейді. Төртіншіден, кадр даярлау сапасын бағалаудың маңызды элементі тәуелсіз сертификаттау – кәсіптік біліктілікті тану арқылы іске асырылады. Бұл механизм қазақстандықтарға тек колледждер мен жоғары оқу орындарында ғана емес, сонымен қатар онлайн платформаларда немесе жұмыс орнындағы оқытудан алған тәжірибесін әрі білімін растауға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, жоғары білім талап етілмейтін (мысалы, SMM-маман, мобилограф, таргетолог және т.б.) жаңа мамандықтар бойынша білім алатын жастарды жұмысқа орналастыруға қосымша мүмкіндік береді», - деді депутат.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заңы аясында негізгі жобаға сәйкес келтіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілерге өзгеріс енгізіледі.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында ілеспе заң жобасында мына толықтырулар қарастырылған:

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы заңға Қазақстан Республикасының «Ел бірлігі» (Халық бірлігі) орденін тағайындау жөніндегі ұсыныс.

- «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» мәртебесі туралы заңға Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілеттігін айқындау бөлігінде өзгеріс енгізіледі.

Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған білім беру ұйымдары мен қордағы жоғары қамқоршылық кеңесінің төрағасы мәртебесі жойылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары