12.07.2023, 15:20

Президент Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңды мақұлдады

Фото: Ақорда
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Президент Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңды мақұлдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады, - деп жазылған Ақорданың ресми сайтына жарияланған құжатта.