Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы корольдігіне жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы биылғы 18-19 шілдеде «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.