ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сонымен бірге оның бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де осы тізімде бар.
2022 жылғы 6 қаңтарда ҰҚК мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
25 тамызда Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.
2023 жылғы 24 сәуірде сот ҚР ҰҚК экс-төрағасына қатысты үкім шықты.