$ 482.77  509.71  5
Саясат 29.07.2023 сағат 10:30

Ақмола облысында жұмысшы топырақ астында қалып көз жұмды

Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Ақмола облысында жұмысшы топырақ астында қалып көз жұмды
фото: ПД

Ақмола облысында су құбырын тартып жатқан 59 жастағы ер адам топырақтың астында қалып көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Ақкөл қаласының «Наука-1» саяжай алабында сантехникалық жұмыстары кезінде болған.

Бұл жайында Ақкөл аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті медбике хабарлап айтқан.

Белгілі болғандай, 59 жастағы ер адам шілденің 27-де сағат 16:30 шамасында үй иесімен ауызша келісім негізінде ені 1,5 метр, тереңдігі 2 метр шұңқырға түсіп, су құбырын тартпақшы болған. Осы кезде шұңқырдың жоғары қабатындағы топырақ опырылып, ер адамды басып қалған. Ол алған дене жарақатынан сол жерде көз жұмды, - делінген хабарламада.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 156-бабы бойынша тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар