$ 443.44  480.51  4.88

Александр Бублик жұптық сында Вашингтондағы негізгі турнирге өтті

Супер тай-брейкте Бублик пен Грикспор жеңісті жұлып алды.
Фото: Olympiс.kz
Фото: Olympiс.kz

Қазақстандық Александр Бублик жұптық сында Вашингтон ATP 500 турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қазақстандық теннисші нидерландылық Таллон Грикспормен бірге іріктеу сайыстарын сәтті өткізді.

Қазақстандық-нидерландылық дуэт әуелі америкалық Маркос Гирон – филиппиндік Трет Хьюиді тартысты матчта тізе бүктірді – 5:7, 7:6 (8:6), 10:8.

Іріктеу сайыстарының финалында Бублик – Грикспор үндістандықтар Анируд Чандрасекар – Виджай Сундармен шеберлік байқасты. Бірінші партияда қазақстандық-нидерландылық жұп 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде қарсыластары қарымта қайырды – 6:4.

Дегенмен супер тай-брейкте Бублик пен Грикспор жеңісті жұлып алды – 10:6. Осылайша, олар негізгі турнирге өтті.

Сонымен, А.Бублик Вашингтон ATP 500 жарысында жекелей және жұптық сында бақ сынайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары