«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы алдағы уақытта күшін жоюы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы кеңес отырысында "Ұлттық рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша іс-шараларды интеграциялауды тоқтатуды тапсырған.
"Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазанындағы №724 қаулысының күші жойылды деп танылсын, – делінген қаулы мәтінінде.
"Ұлттық рухани жаңғыру" бағдарламасы қазақ қоғамының мәдениетін, білімі мен ұлттық рухын көтеруге бағытталған. Бағдарлама 3 бағыттан, 7 міндеттен, 21 индикатор мен 66 көлемді іс-шарадан тұрады.