$ 498.34  519.72  4.85

Астанаға Сириядағы қарулы оппозицияның өкілдері келді - ҚР СІМ

Сириялық қарулы оппозиция басшысы, «Джейш аль-Ислам» тобының өкілі Мохаммед Аллуш бүгін Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі келіссөздерге қатысу үшін Астанаға келді деп хабарлайды Қазақпарат ҚР СІМ өкіліне сілтеме жасап.

Сирия мәселесі бойынша Астанадағы келіссөздердің (Астана процесі) бірінші раунды 23-24 қаңтар күндері өткен болатын. Онда Сириядағы соғыс қимылдарын тоқтатуға қадағалау жасау режімі бойынша тетіктер құру шешімі қабылданды. Женевадағы БҰҰ қамқорлығымен өтетін сирияаралық келіссөздердің басталуы 23 ақпанға жоспарланған.

Еске сала кетейік, бүгін, 16 ақпан күні Сирия ахуалын реттеуге байланысты Астана процесінің аясында жоғары деңгейде кезекті отырыс өтеді. Сириядағы атысты тоқтатуға кепілдік беріп отырған Ресей, Түркия мен Иран мемлекеттерінің xабарлауынша, отырыста Сирия жерінде әскери іс-қимылды тоқтату режімін сақтау мәселелері, соның ішінде нақты территорияларда аxуалды тұрақтандыру жайы сөз болады деген жоспар бар. Сондай-ақ бірлескен шұғыл топ туралы ереже қабылданып, бітімгерлік режімді күшейту және Женева келіссөздері алдындағы басқа да шаралар талқыға салынбақ.

Астанадағы кезекті кездесуге Иордания Корольдігі, Сирия Араб Республикасы, сол жердегі қарулы оппозицияның өкілдері, БҰҰ Бас xатшысының арнайы өкілі С. Де Мистура, сондай-ақ АҚШ бақылаушы ретінде шақырылып отыр. Бұған дейін Сирия мәселесін реттеуге арналған Астана процесінен кейін елордада xалықаралық теxникалық кездесу өткен болатын. Соның нәтижесі бойынша РФ Қарулы Күштері Бас шұғыл басқарма басшысының орынбасары, генерал-майор Станислав Гаджимагомедов мәлімдеме жасаған болаты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары