Саясат 17.02.2017 сағат 04:42

Биыл елімізде ауыл әкімдерін сайлау науқаны өтеді

Ағымдағы жылы Қазақстанда 4 сайлау өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының ашық отырысында комиссия төрағасы Берік Имашев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Ағымдағы жылдың өзінде-ақ біз 4 сайлау науқанын ұйымдастырып, өткізуіміз қажет. Оның бірі қазіргі уақытта басталып, шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну 58 сайлау учаскесінде өтуде. Сайлау 26 мамырда өтеді. 2017 жылдың 30 маусымынан кешіктірілмей 2011 жылдың 19 тамызында сайланған Сенат депутаттарының орнына кезекті сайлау өткізілуі тиіс», - деді Имашев.

Оның айтуынша, мұнан бөлек, ауыл округтерінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының аудандық маңыздағы қалаларының, ауылдық окургтерінің, елді мекендері мен ауылдарының әкімдерін кезекті сайлау өтеді.

«Сайлау жылын шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өткізу науқаны түйіндейді. Ол 29 қазанда өтеді», - деді ОСК төрағасы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар