$ 478.35  504.04  4.86
1xadv
Саясат 18.08.2023 сағат 23:30

Путин күзде Қазақстанға келеді

Бұл туралы бүгін Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі мен Ресей Федерациясының сыртқы істер министрінің кездесуінде айтылды.
Путин күзде Қазақстанға келеді
Фото: kaz.zakon.kz

Ресей президенті Владимир Путин күзде Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Дәурен Абаев пен Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың кездесуінде айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын, интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

Дәурен Абаев атап өткендей, ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты екі елдің көшбасшылары арасындағы сенімді, шынайы және өте белсенді диалогты сипаттайды. Бұл тұрғыда РФ Президенті Владимир Путиннің ҚР мен РФ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Қазақстанға күзге жоспарланған ресми сапарына үлкен мән беріледі.

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен өтетін алдағы іс-шаралардың кестесі де талқыланды.

Кездесу соңында Сергей Лавров Дәурен Абаевтың Ресейдегі дипломатиялық жұмысына сәттілік тіледі.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар