26.08.2023, 10:30

Тоқаев қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды реттеуді тапсырды

Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені атап өтілді.