26.08.2023, 12:30

Сынға қалған Павлодар қаласының әкімі қызметінен босатылды

Фото: qazdauiri.kz
Облыс әкімінің аппаратына Президент әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды.

Ержан Иманзайыпов Павлодар қаласының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл туралы бүгін Павлодар облысы әкімдігінің сайтында жарияланды.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Павлодар қаласының активімен кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыповты қарамағындағылар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және алдын анықтау бойынша жұмыстарды тиісінше ұйымдастыра алмауына, қала тұрғындары үшін облыс орталығын дамыту және абаттандыру жөніндегі маңызды жобалардың іске асырылуына қажетті бақылаудың болмауына, жергілікті халықпен байланыстың әлсіреуіне байланысты атқарып отырған лауазымынан босату туралы қабылданған шешімді жариялады, - делінген хабарламада. 

Облыс әкімінің аппаратына Президент әкімшілігіне тиісті ұсыныс енгізу тапсырылды.