28.08.2023, 11:20

1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Фото: parlam.kz
Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын, – деп жазылған Өкім мәтінінде.