$ 494.87  520.65  4.91

Биылғы Жолдауда халықтың әл-ауқатын көтеру бағыты сөз болуы мүмкін – саясаттанушы

Жолдауда, меніңше, бірнеше бағытқа баса аса назар аударуға көңіл бөлінеді.
Фото: strategy2050.kz
Фото: strategy2050.kz

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауында неге басымдық берілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, биылғы Жолдаудың басты басымдықтары Президент алдын ала өзі жария еткен жаңа экономикалық модель аясында болады.

Күзгі саяси науқан 1 қыркүйек күні әдеттегідей Мемлекет басышысының Қазақстан халқына Жолдауынан бастау алады. Биылғы Жолдаудың басты басымдықтары, әрине, Президент алдын ала өзі жария еткен жаңа экономикалық модель аясында болады. Бірақ бұл Жолдауда, меніңше, бірнеше бағытқа баса аса назар аударуға көңіл бөлінеді, - дейді саясаттанушы.

Оның пікірінше, біріншіден, бұл еліміздегі энергетика саласы, әсіресе, Екібастұздағы және басқа да жерлерде болған апаттың салдары ретінде бүгінгі таңда осы энергетика саласындағы жаңа бір бағыттар, соның ішінде, әсіресе, аймақтардағы энергетика бағытын қайта түлету үшін тапсырмалар берілуі мүмкін.

Екіншіден, бұл, әрине, еліміздегі халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жасалынуы керек. Бұл жерде бюджеттік салада, оның ішінде, әсіресе, азаматтық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі және азық-түлік бағасын тұрақтандыру байланысты. Бұл жердегі басты міндет, ауыл шаруашылығы саласындағы класторлық бағыттарға басымдық беру. Өйткені бізде азық-түлік бағасының көтерілуінің басты себептерінің бірі - ауылшарушылық өнімдерін өндіретін өндіріс орындарының аздығы, тіпті, көп жерде жоқтығы.

Үшінші мәселе, квазимемлекеттік секторды қысқарту. Себебі, бюджеттен бөлінетін арнайы субсидиялардың, ақшаның көбі осы квазимемлекеттік мекемелерге беріліп, нәтижесінде қыруар қаржы бар, бірақ нақты нәтиже жоқ. Сондықтан осы тұрғыдан алған кезде, меніңше, осы квазиямемлекеттік секторларды қысқартуға көңіл аударылуы керек. Тағы бір сала - бұл еліміздегі ақша саясатына байланысты, яғни инфляцияның тым көтеріліп кетуі себепті Ұлттық банк пен Қаржы министрлігіне нақты тапсырмалар берілуі тиіс, - дейді ол.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Жолдау тікелей эфирде сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары