Шымкентте мәслихат депутаттары бүгін, 5 қыркүйегінде өтетін жиынға шақырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қалалық мәслихат депутаттарының отырысын өткізу туралы хабарландыру мәслихаттың интернет-ресурсында жарияланған:
"Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының назарына:
Облыста орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімі лауазымына тағайындауға келісім беру ережесінің 5.6-тармағына сай, Қазақстан Республикасы президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 912 Жарлығымен бекітілген Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының отырысы өтеді.
Күн тәртібі: Шымкент қаласының әкімін тағайындауға келісім беру туралы.
Уақыты: 2023 жылғы 5 қыркүйек, сағат 15.00.
Өтетін орны: Шымкент қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойындағы №10 ғимараттың 3-қабатында орналасқан шағын зал.
Қосымша ақпарат: Депутаттарды тіркеу 5 қыркүйек күні сағат 14:30-дан 14:50-ге дейін қалалық әкімдік ғимаратының 3 қабатында орналасқан шағын залда жүргізіледі".
Дереккөз: zakon.kz