$ 494.87  520.65  4.91

Албания Президентінің елімізге ресми сапары аяқталды

Сапар аясында Қазақстан мен Албания басшылары екі еле арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай бірлескен мәлімдеме жасады.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ресми сапары аяқталған Албания Президенті Байрам Бегайды әуежайдан шығарып салып, жылы қоштасты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Албания Президенті Байрам Бегайды Ақордада қарсы алды.

Мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауыл сап түзеп, оның бастығы Мемлекеттер басшыларына сәлемдік баянат берді. Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің Әнұрандарын орындады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы мен Албания Президенті Байрам Бегай шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Сапар аясында Қазақстан мен Албания басшылары екі еле арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай бірлескен мәлімдеме жасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары