11.09.2023, 15:00

Қазақстанға Режеп Тайып Ердоған ресми сапармен келеді

Фото: trt.net.tr
Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді.

Биыл қарашада елімізге Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған келеді. Бұл туралы елімізге ресми сапармен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен кездескен ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Биыл 3 қарашада жоспарланған Түркі мемлекеттер ұйымының саммитіне Президент Режеп Тайып Ердоған мырзаның сапарын ұйымдастырып, оны жоғары деңгейде өткізуге күш жұмылдыруға уағдаластық. Бұл серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы деп айта аламыз, - деп мәлім етті Мұрат Нұртілеу.