16.09.2023, 14:30

Президент Үкіметке астық өндіретін фермерлерге көмек көрсетуді тапсырды

Фото: Pixabay
Оған еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайлар себеп.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке солтүстік өңірлердегі астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды, делінген хабарламада.