$ 498.34  519.72  4.85

Сайлаубек пен Баян Есентаеваны да Мәжіліс депутаты ету ұсынылуда

Бүгін Парламент Мәжілісі депутаттарының қатарын бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің толықтырғаны белгілі. Ол "Нұр Отан" партиясының атынан бос тұрған екі орынның біріне бекітілді. Алайда, бұл жаңалықты халық әлеуметтік желілерде қызу талқылауда.

Facebook қолданушыларының көбі Парламентті жұлдыздардың "үйіне" айналдырмау керек деген пікірде. "Тауық сойса да қасап сойсын" деген ұстанымдағылар Сәпиевтің саясатпен былғануын қаламайтын тәрізді.

Ал, белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы болса мұндай қарқынмен MC Сайлаубек пен Баян Есентаеваны да депутат боп кетуі мүмкін екенін айтады.

"Парламент - жұлдыздардың клубы емес, халықтың мұңын білетін, адал, өмірлік тәжірибесі мол, азаматтық ұстанымы берік тұлғалардан қалыптасып ел үшін маңызды саяси шешімдерді қабылдайтын орын. Бірнеше хит айтқаннан, не рингтегі қарсыластарын ұрып-жыққаннан аталған қасиеттер пайда бола салмайды. Әйтпесе парламентке MC Сайлаубек пен Баян Есентаеваны неге алмасқа? Негізі, бұл өмірде әркім өзі біліп сүйетін іспен айналысқаны дұрыс", - деп жазды Р.Жұмалы өзінің Facebook-парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары