$ 494.87  520.65  4.91

Назарбаев 26-бапты өзгеріссіз қалдыруды ұсынды

Қазақстан Президенті Конституцияның 26 бабын өзгерісіз қалдыруды ұсынды. Бұл туралы Ақорданың Twitter-парақшасында хабарланған.

"Жұмыс тобының отырысы кезінде Нұрсұлтан Назарбаев 26-бапты бұрынғы қалпында қалдыруды ұсынды", - делінген әлеуметтік желідегі аталған жазбада.

Айта кетейік, Ата заңымыздың кейбір баптарына енгізілетін өзгерістер халықтың талқылауына ұсынылған болатын. Бұл мәселе бойынша құрылған арнайы жұмыс тобына тұрғындар тарапынан барлығы 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен. Олардың көбі осы 26-бапты өзгеріссіз қалдыруды сұрапты.

Конституцияның 26-бабының бірінші тармағында "Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады" делінген. Ал, өзгертілген нұсқасында "Қазақстан Республикасының азаматтары" деген тіркес "әркім" деген сөзбен алмастырылған. Ел тұрғындарының көбі бұл өзгеріске қарсылық білдіріп, Ақордаға ұсыныстарын жолдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары