Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияда өткен баспасөз мәслихатында өзара айыптауларды тоқтатып, іскерлік келіссөздер жүргізуге шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ақылға қонымды, рационалды, тіпті дана дипломатия дәуірі орнауда. Қос тарап үшін де қолайлы бейбіт келіссөздердің негіздерін табу үшін өзара айыптауларды тоқтату керек және іскерлік келіссөздер жүргізу қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.